Aqittura M91 FilterSystem: барлық талғамға сай келетін, сапасы жақсартылған ауыз су

hansgrohe жаңа өнімдері
Краннан әп сәтте алынатын сапалы ауыз су! Aqittura М91 FilterSystem асүйге арналған эксклюзивті араластырғышынан алынатын сүзілген судың әр тамшысы тазалыққа толы. Өзіңізге ұнайтын суды өзіңіз анықтаңыз: MINTEC® технологиясы құбыр суын құнды минералдармен байытады және оны зиянды органикалық заттардан тазартады. Aqittura M91 көмегімен сіз судың дәмін татқан сайын әлденетін боласыз.

Теңдестірілген өмір салтына арналған Aqittura M91 FilterSystem

Aqittura FilterSystem 210 стильді жартылай дөңгелек шүмегі аспалы шкафтары жоқ асүй "аралында" ерекше үйлесімді болып көрінеді.

Дәм мен теңдестірілген минералды зат алмасу арасындағы пайдалы тепе-теңдікті сезініңіз. Aqittura M91 FilterSystem көмегімен сіз құбыр суының сапасын бірнеше секундта жақсарта аласыз. Әмбебап сүзу жүйесі құрамында әк мөлшері жоғары, тым кермек суға немесе құрамында әк мөлшері аз болатын тым жұмсақ суға арналған шешімдерді ұсынады.

Hansgrohe көпфункциялы асүйге арналған араластырғышы Push технологиясы бойынша батырманы жай басу арқылы судың сапасын жақсартады. Инновациялық технологияларға қоса Aqittura M91 FilterSystem визуалды тартымдылығымен де ерекшеленеді.

Асүйге арналған араластырғыш екі дизайн нұсқасында шығарылады: стильді жартылай дөңгелек шүмекті немесе сызықтық дизайнды. Сіз оның түрлі-түсті бетінің бірін таңдай аласыз: күңгірт қара, хром және тот баспайтын болат.

Минералдар сіз таңдаған өмір салты үшін аса қажет


Hansgrohe асүйге арналған жаңа өнімі кез келген талғамға сай сүзілген және жақсартылған суға қануға мүмкіндік береді. MINTEC® сүзу және минералдау технологиясы судың сапасын сіздің қалауыңызға қарай жақсартады.


Сіз ауыз судағы кейбір минералдардың орны толмайтынын сөзсіз білесіз. Біздің ағзамыз бұлшықет серпімділігі, сүйек қалыптастыру және жүйке жүйесінің жұмысы сияқты көптеген функцияларын сақтау үшін минералдарды қажет етеді. Су теңгерімін магний, кальций, калий және натрий сияқты құнды минералды тұздармен оңтайландырыңыз. Hansgrohe сүзгілерінің бірін таңдап алыңыз:

Harmony құрамында магний мен калий бар, судың кермектігіне қарамастан дәмін жақсартады.

Life әсіресе жұмсақ суы бар жерлерде кальцийдің төмен мөлшерінің орнын толтыру үшін оңтайлы. Магний мен калий ауыз судың сапасын жақсартады.

Sport – минералдаушы сүзгі, ол спортпен және фитнеспен айналысқан кезде термен бірге шығып кететін тапшы минералдардың орнын толтырады. Оларға магний, калий және натрий жатады.

Минералдар еуропалық тұзды жыныстардан алынады. Олардың дозасы бір-біріне дәл келетіндей етіп таңдалады (MINTEC® сүзу және минералдау технологиясы). Сонымен қатар барлық сүзгілердің ішінде белсендірілген көмір бар.

Адам қалауына қарай басқа көмір сүзгілерін де пайдалана алады, олар ион алмастырғышпен жабдықталуы мүмкін. Олар судың сапасын жақсартады және су кермек болса, оның құрамындағы әкті азайтады.

Сүзгі төменгі шкафта жинақы түрде орналасады. Картридждерді жалғау және ауыстыру өте оңай.

Aqittura M91 – ауыстыру үшін сүзгілерді әрқашан оңай сатып алуға болады
Aqittura М91 FilterSystem премиум дәрежелі шешімімен сапалы суды қажетіңізге қарай пайдалану үшін сүзгі картриджін ауыстырып отыруыңызға болады. Сіз сүзгілер мен минералдаушы картридждерді интернеттен кез келген уақытта сатып ала аласыз. Жуғыштың астындағы төменгі шкафта орналасқан картриджді әп сәтте ауыстыруға болады.

Сервис
Орнату, баптау, жөндеу және кепілді қызмет көрсетуге байланысты барлық мәселелер бойынша сервис орталықтарына жүгініңіз:

Алматы қ.
тел.: +77766223737, +77023223737,
e-mail: info@anp.kz

Астана және Қарағанды қалалары
тел.: +7 701 066 6001, e-mail: molot-pro@bk.ru

Күтіп ұстау жөніндегі ұсынбалар

Заманауи сантехникалық жабдықтар, асүй крандары, душтар, керек-жарақтар, қол жуғыштар, раковиналар, ванналар және радиаторлар дизайн мен функционалары тұрғысынан нарық қажеттіліктерін қанағаттандыратын түрлі материалдардан жасалған. Бүлдіріп алмау және шағымданудың алдын алу үшін пайдалану кезінде де, соңынан тазалау кезінде де белгілі бір өлшемшарттарды сақтау қажет.

Hansgrohe бұйымдарын тазалау кезінде оларды бүлдіріп алмау үшін келесі бірқатар ережелерге құлақ асыңыз:


• Тек белгілі бір пайдалану саласына арналған арнайы құралдарды қолданыңыз.
• Құрамында тұз қышқылы, құмырсқа қышқылы, натронды сілті, сірке қышқылы және жебір хлор қосылған ағартқыш сілтісі бар тазартқыш заттарды қолданбаңыз, себебі олар көптеген ақауларға себеп болуы мүмкін.
• Фосфор қышқылы бар құралдарға ғана рұқсат етілуі мүмкін.
• Жуғыш заттарды бір-бірімен араластыруға болмайды.
• Абразивті тазартқыш құралдарды (тазартқыш ұнтақтар, абразивті губкалар және микроталшықты материалдар) пайдаланбаңыз.
• Тазартқыш құралды өндірушінің нұсқауларын қатаң ұстаныңыз.
• Тазалау белгілі бір тазарту объектісіне арналған құралдың көзделген мөлшерлемесін және әсер ету ұзақтығын ескере отырып жүргізілуі тиіс.
• Үнемі тазалап тұру жуылуы қиын әктас қағының пайда болуына жол бермеуге көмектеседі.
• Егер сіз аэрозоль қолданатын болсаңыз, алдымен өнімді шүберекке немесе губкаға бүркіп көріңіз. Өнімді Hansgrohe бұйымдарына тікелей бүркімеңіз, өйткені тесіктерін немесе саңылауларын бітеп тастауы мүмкін.
• Тазалағаннан кейін бұйымды сумен жақсылап шайыңыз, тазартқыш құрал мен өнімнің қалдықтарын әбден кетіріңіз. • Бумен тазартқыштарды қолданбаңыз. Жоғары температура бұйымды бүлдіруі мүмкін


Маңызды нұсқаулар:

Сұйық сабын, сусабындар, душқа арналған гельдер, шаш бояуы, әтірлер, қырынуға арналған құралдар және лак сияқты дене күтімі өнімдерінің қалдықтары да бұйымға зиянын тигізуі мүмкін. Бұл жағдайда да: пайдаланғаннан кейін қалдықтарды сумен жақсылап шайыңыз. Бұйымдардың, мысалы, қол жуғыштың астындағы шкафта тазартқыш құралдар мен химиялық заттарды сақтауға болмайды. Олар буланғанда бұйымды бүлдіруі мүмкін. Егер бұйымның беті бұрыннан бүлінген болса, жуғыш заттардың әсерінен ақаулары күшейе түседі"

Пайдалы сілтемелер:

Нansgrohe өнімдерінің сервисі мен монтажы бойынша бейне шолулар ұсынамыз
Жаныңыздағы сауда нүктелерін табу
Біздің серікктестер
«Acapell» салоны, Муканов көшесі 159
Тел.: +7 701 766 1754

"Bath & Tile" Тимирязев көшесі 82
Тел.: +7 (727) 275 50 36

Zentrum Жібек жолы көшесі 135,
Жібек Жолы көшесі 2 қабат литер В 6аZ
+7 (701) 787 63 01

Саламат сауда үйі
Шевченко көшесі 204, No 1 павильон No 16
Тел.: +7 727 395 59 29

Сантехника салоны, Сәтпаев көшесі 2
Тел.: +7 (727) 248 01 16

Sumom.kz, Мақатаев көшесі 158
Тел.: +7 (777) 591 55 75

Саламат сауда үйі
Шевченко көшесі 204, No 4 павильон
Тел.: +7 707 415 1239

«Sanelite» Сантехника салоны
ТЦ "Саламат - 3", Нижний торговый зал, Бутик 58
Тел.: +7 (777) 361 02 00

"Tasti" Сантехника салоны
Қабдолов көшесі 1/8, Армада СК ряд 1, линия А, бутик 02
Тел.: +7 (775) 885 68 54

SANSTORE
Калкаман-2, Талжанов көшесі,54
Тел.: +7 (700) 339 30 93

NEOceramica
Цветочная көшесі, 1е
Тел.: +7 (700) 380-96-95

Мастерская Уюта
Навои көшесі, 328а
Тел.: +7 (707) 573 30 40


"Bath & Tile" Дауылпаз көшесі, 11
Тел.: +7 (7172) 76 97 61

Frank.elite, 38 көшесі, 11, Capital Park Flowers, 4 кеңсе
Тел.: +7 (705 )880 68 68

Megastroy, Сембинов көшесі, 19/1
Тел.: +7 (7172) 52 16 16

Мастерская Уюта, Мәңгілік Ел даңғылы, 52 блок B2
Тел.: +7 (776) 911-01-11

Nurai Invest, Ч. Айтматова көшесі 33
Тел.: +7 (777) 563 22 33

NEOceramica, Әл-Фараби даңғылы, 96 (Ескі мекенжай Байырқұм, 14)
Тел.: +7 (775) 080-98-

SANSTORE, Александр Пушкин көшесі , 55/3102 офис; 1 қабат
Тел.: +7 (701) 982 39 83

КОМФОРТ, Сауран көшесі, 8
Тел.: + 7(702) 000 05 05
"МЕГА арт" дүкен
Жібек Жолы көшесі нөмірсіз (Рем. зона аялдамасы)
Тел.: +7 777 017 0117

Мастер Лес
Тостой көшесі 35
Тел.: +7 (705) 888 24 90
Sumom.kz, Язев көшесі 14/1, Проспект СОО (астыңғы қабат)
Тел.: +7 (777) 591 55 75


«Kerama Center Luxury» Орбита-1 шағын ауданы, 17/2 учаскесі
Тел.: +7(702) 270 51 15 +7(707) 305 06 26

"Дом Кафеля" салоны
Потанин көшесі 25/3
Тел.: +7 (7232) 54 13 61
BonTon,
Орманшы көш. 1/1
Тел.: +7 (700) 911 88 88, +7 (708) 434 24 47
Nurai Invest
Некрасов көш., 125
Тел.: +7 (7132) 90‒93‒55