Hansgrohe жаңа топтамасы: ас үйдегі жұмысыңызды жеңілдетіңіз

Ас үйге арналған жаңа өнім
Aquno жүйесінің атауында «aqua» және «unit» ұғымдары біріккен, ас үйде сумен өзара әрекеттесудің мүлдем жаңа түрін сезінуге мүмкіндік береді және өзінің ақылды кешендік тұжырымдамасының арқасында жуғыш аймағында кез келген міндеттерді шешу үшін сәйкес келетін атқарымдар мен ағын түрлерін ұсынады.

Алғаш рет шығарылатын шүмектегі ламинарлы және душқа бүріккіш режимдері негізгі блоктан ағып шығатын үшінші, кең, жұмсақ ағынмен толықтырылды. SatinFlow режимі - ас үй индустриясындағы жаңалық. Араластырғыштың төменгі бөлігін құрайтын базалық блок жемістер мен көкөністерге арналған «душ» атқарымының қызметін атқарады. Оның жаңаша орнатылуы мен бүріккіштерінің саны азық-түліктерді мұқият және зақымдамай жууға болатын ағынды жасайды.

Топтамаға енетін көпатқарымды сүзекісінің арқасында кең ағындарға да жарамды, жүйе жуғыш аймағында жұмыс барысын тиімді және жеңіл болуын қамтамасыз етеді.
Шығарылатын шүмектің жұмыс радиусы 76 сантиметрге дейін жетеді, бұл араластырғышты раковинадан алыс жерде пайдалануға мүмкіндік беретін қозғалыс еркіндігін қамтамасыз етеді. Мысалы, шетте тұрған кофемашинаға су құюға болады. Жақсы ойластырылған дизайн мен үстіңгі бетінің оңай жуылуы жаңа араластырғышпен жұмысты жеңілдетеді. Түбіндегі оң жағында орналасқан тұтқасы мен сол жағындағы Select батырмасының арқасында M81 барлық атқарымдарын басқару түсінікті әрі ыңғайлы.

Экстравагантты футуристік дизайн, сондай-ақ шүмектің пішіні Aquno Select M81 кез келген ерекше үлгідегі ас үйде өте әдемі үйлеседі. L-түріндегі шүмегі бар нұсқасы өнімнің толық желілік құрылымын ерекшелеп көрсетеді және ламинарлық ағыны бар шығарылатын шүмекпен толықтырылған. M81 басқа үлгісінің тікбұрышты және дөңгеленген пішіндерді өзара толықтыратын доға түріндегі әдемі шүмегі бар. Ағыны әртүрлі шығатын душ суды әртүрлі нұсқада қолдануға мүмкіндік береді.


Ас үй крандары жөнінде көбірек біліңіз

Сервис
Күтіп ұстау жөніндегі ұсынбалар

Заманауи сантехникалық жабдықтар, асүй крандары, душтар, керек-жарақтар, қол жуғыштар, раковиналар, ванналар және радиаторлар дизайн мен функционалары тұрғысынан нарық қажеттіліктерін қанағаттандыратын түрлі материалдардан жасалған. Бүлдіріп алмау және шағымданудың алдын алу үшін пайдалану кезінде де, соңынан тазалау кезінде де белгілі бір өлшемшарттарды сақтау қажет.

Hansgrohe бұйымдарын тазалау кезінде оларды бүлдіріп алмау үшін келесі бірқатар ережелерге құлақ асыңыз:


• Тек белгілі бір пайдалану саласына арналған арнайы құралдарды қолданыңыз.
• Құрамында тұз қышқылы, құмырсқа қышқылы, натронды сілті, сірке қышқылы және жебір хлор қосылған ағартқыш сілтісі бар тазартқыш заттарды қолданбаңыз, себебі олар көптеген ақауларға себеп болуы мүмкін.
• Фосфор қышқылы бар құралдарға ғана рұқсат етілуі мүмкін.
• Жуғыш заттарды бір-бірімен араластыруға болмайды.
• Абразивті тазартқыш құралдарды (тазартқыш ұнтақтар, абразивті губкалар және микроталшықты материалдар) пайдаланбаңыз.
• Тазартқыш құралды өндірушінің нұсқауларын қатаң ұстаныңыз.
• Тазалау белгілі бір тазарту объектісіне арналған құралдың көзделген мөлшерлемесін және әсер ету ұзақтығын ескере отырып жүргізілуі тиіс.
• Үнемі тазалап тұру жуылуы қиын әктас қағының пайда болуына жол бермеуге көмектеседі.
• Егер сіз аэрозоль қолданатын болсаңыз, алдымен өнімді шүберекке немесе губкаға бүркіп көріңіз. Өнімді Hansgrohe бұйымдарына тікелей бүркімеңіз, өйткені тесіктерін немесе саңылауларын бітеп тастауы мүмкін.
• Тазалағаннан кейін бұйымды сумен жақсылап шайыңыз, тазартқыш құрал мен өнімнің қалдықтарын әбден кетіріңіз. • Бумен тазартқыштарды қолданбаңыз. Жоғары температура бұйымды бүлдіруі мүмкін


Маңызды нұсқаулар:

Сұйық сабын, сусабындар, душқа арналған гельдер, шаш бояуы, әтірлер, қырынуға арналған құралдар және лак сияқты дене күтімі өнімдерінің қалдықтары да бұйымға зиянын тигізуі мүмкін. Бұл жағдайда да: пайдаланғаннан кейін қалдықтарды сумен жақсылап шайыңыз. Бұйымдардың, мысалы, қол жуғыштың астындағы шкафта тазартқыш құралдар мен химиялық заттарды сақтауға болмайды. Олар буланғанда бұйымды бүлдіруі мүмкін. Егер бұйымның беті бұрыннан бүлінген болса, жуғыш заттардың әсерінен ақаулары күшейе түседі"

Пайдалы сілтемелер:

Нansgrohe өнімдерінің сервисі мен монтажы бойынша бейне шолулар ұсынамыз
Жаныңыздағы сауда нүктелерін табу
Біздің серікктестер
«Acapell» салоны, Муканов көшесі 159
Тел.: +7 701 766 1754

"Bath & Tile" Тимирязев көшесі 82
Тел.: +7 (727) 275 50 36

Zentrum Жібек жолы көшесі 135,
Жібек Жолы көшесі 2 қабат литер В 6аZ
+7 (701) 787 63 01

Саламат сауда үйі
Шевченко көшесі 204, No 1 павильон No 16
Тел.: +7 727 395 59 29

Сантехника салоны, Сәтпаев көшесі 2
Тел.: +7 (727) 248 01 16

Sumom.kz, Мақатаев көшесі 158
Тел.: +7 (777) 591 55 75

Саламат сауда үйі
Шевченко көшесі 204, No 4 павильон
Тел.: +7 707 415 1239

«Sanelite» Сантехника салоны
ТЦ "Саламат - 3", Нижний торговый зал, Бутик 58
Тел.: +7 (777) 361 02 00

"Tasti" Сантехника салоны
Қабдолов көшесі 1/8, Армада СК ряд 1, линия А, бутик 02
Тел.: +7 (775) 885 68 54

SANSTORE
Калкаман-2, Талжанов көшесі,54
Тел.: +7 (700) 339 30 93

NEOceramica
Цветочная көшесі, 1е
Тел.: +7 (700) 380-96-95

Мастерская Уюта
Навои көшесі, 328а
Тел.: +7 (707) 573 30 40


"Bath & Tile" Дауылпаз көшесі, 11
Тел.: +7 (7172) 76 97 61

Frank.elite, 38 көшесі, 11, Capital Park Flowers, 4 кеңсе
Тел.: +7 (705 )880 68 68

Sumom.kz Мәңгілік Ел даң., 53, ЖК Promenade Expo ТҮК ғимараттың бүйір жағы
Тел.: +7 (777) 591 55 75

Aquaroom.kz Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 47
Тел.: +7(775) 198 66 11

Megastroy, Сембинов көшесі, 19/1
Тел.: +7 (7172) 52 16 16

Мастерская Уюта, Мәңгілік Ел даңғылы, 52 блок B2
Тел.: +7 (776) 911-01-11

Nurai Invest, Ч. Айтматова көшесі 33
Тел.: +7 (777) 563 22 33

NEOceramica, Әл-Фараби даңғылы, 96 (Ескі мекенжай Байырқұм, 14)
Тел.: +7 (775) 080-98-

SANSTORE, Александр Пушкин көшесі , 55/3102 офис; 1 қабат
Тел.: +7 (701) 982 39 83
"МЕГА арт" дүкен
Жібек Жолы көшесі нөмірсіз (Рем. зона аялдамасы)
Тел.: +7 777 017 0117

Мастер Лес
Тостой көшесі 35
Тел.: +7 (705) 888 24 90
Sumom.kz, Язев көшесі 14/1, Проспект СОО (астыңғы қабат)
Тел.: +7 (777) 591 55 75


«Kerama Center Luxury» Орбита-1 шағын ауданы, 17/2 учаскесі
Тел.: +7(702) 270 51 15 +7(707) 305 06 26

"Дом Кафеля" салоны
Потанин көшесі 25/3
Тел.: +7 (7232) 54 13 61
Керамир,
Султан Бейбарыс көшесі, 496
Тел.: +7 (777) 437 77 13