Hansgrohe Pulsify: күнделікті душ қабылдауға арналған жаңа мүмкіншіліктер

Новинки hansgrohe
PowderRain микроағындық режимнің арқасында hansgrohe Pulsify душында жеңіл жаңбыр түзіледі. Жеке үйіңіздегі немесе жалдамалы пәтердегі шағын ғана санитарлық тораптағы үлкен отбасылық жуынатын бөлмеде hansgrohe Pulsify кез келген интерьерге, талғамға және бюджетке сәйкес келетін оңтайлы душ қабылдау кабинасын орнатуды ұсынады.
Сіз қауырт жұмыс күнінен кейін көлбеу бұрышы реттелетін, диаметрі 260 мм Pulsify Showerpipe душ жүйесінің үстіңгі душын қабылдаған кезде денеңізді толықтай босаңсыта аласыз. Ағын түрлері өзгертіледі немесе тура араластырғыштың өзінен жай ғана батырманы басып, қол душына ауыстырып қосуға болады. ShowerTablet термостатына температура мен су ағынын реттегіш қана орнатылған жоқ, сонымен қоса, ұзындығы 40 сантиметрден асатын сөре де қол душын бекітуге және душқа арналған гель, сусабындарды сақтауға арналған орынның қызметін атқарады.

Термостаттың ішіндегі алдын ала ойластырылған суға арналған арналардың орналасуы үлкен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Араластырғыштың корпусы жылы сумен қызып кетпейді, енді қолым күйіп кетеді деп қам жемейсіз. Showerpipe жүйесінің тегіс пішіндері душ қабылдау кезінде еркін қозғалу үшін көбірек орын береді. Hansgrohe Pulsify душы заманауи ашық дизайнымен ерекшеленеді. Күтімі де жеңіл дөңгеленген пішіндерінің арқасында ол жуынатын бөлмеде бірден өзіне назар аудартады. Үш беткі нұсқа таңдауға қолжетімді − хром, күңгірт қара және күңгірт ақ.

Pulsify 3jet қол душы екі нұсқада ұсынылады. Екеуі де күнделікті душ қабылдау үшін PowderRain ағындар режимімен және сусабынды жуып-шаюға арналған ағыны аса күшті IntenseRain ағынымен жабдықталған. Екі үлгінің айырмашылығы - ағынның үшінші режимінде. Бір нұсқасына денені босаңсытатын массаж душы, екіншісіне сергіткіш моноағын енеді.

Hansgrohe Pulsify тағы бір артықшылығы - EcoSmart нұсқасында су шығынының төмен болуы. Су ағынын қалауыңыз бен жеке қажеттілігіңіз бойынша азайтуға болады. "Жасыл нұсқада" бір түрдегі ағыны бар қол душының барынша үлкен су шығыны минутына небәрі алты литрді құрайды.

Сонымен қатар hansgrohe Pulsify күтім жасау оңай. Душтың су құйғышы да, қол душы да жақсы танымал hansgrohe QuickClean атқарымымен жабдықталған. Әктің денені тітіркендіретін қабатын алып тастау үшін жай ғана су құйығыштың үстіңгі бөлігінен саусақпен жүргізіп өтесіз. Толық тазалау жұмыстарын жүргізу үшін үстіңгі душты демонтаж жасауға болады. Бұл фильтрді шығарып, жууға болады дегенді білдіреді. Диаметрі 260 мм үстіңгі душтың тіпті ағызу атқарымы да бар, ол душты қабылдағаннан кейін денені тітіркендіретін тамшылар мөлшерін азайтады. Осылайша, душ тез кеуіп, ал су құйғыш таза күйінде қалады.


Узнайте больше о коллекции Pulsify

Сервис
Кепілдік қызмет көрсетуге қатысты барлық сұрақтар бойынша өнім сатып алынған дүкенге түбіртекпен хабарласуыңызды өтінеміз

Күтіп ұстау жөніндегі ұсынбалар

Заманауи сантехникалық жабдықтар, асүй крандары, душтар, керек-жарақтар, қол жуғыштар, раковиналар, ванналар және радиаторлар дизайн мен функционалары тұрғысынан нарық қажеттіліктерін қанағаттандыратын түрлі материалдардан жасалған. Бүлдіріп алмау және шағымданудың алдын алу үшін пайдалану кезінде де, соңынан тазалау кезінде де белгілі бір өлшемшарттарды сақтау қажет.

Hansgrohe бұйымдарын тазалау кезінде оларды бүлдіріп алмау үшін келесі бірқатар ережелерге құлақ асыңыз:


• Тек белгілі бір пайдалану саласына арналған арнайы құралдарды қолданыңыз.
• Құрамында тұз қышқылы, құмырсқа қышқылы, натронды сілті, сірке қышқылы және жебір хлор қосылған ағартқыш сілтісі бар тазартқыш заттарды қолданбаңыз, себебі олар көптеген ақауларға себеп болуы мүмкін.
• Фосфор қышқылы бар құралдарға ғана рұқсат етілуі мүмкін.
• Жуғыш заттарды бір-бірімен араластыруға болмайды.
• Абразивті тазартқыш құралдарды (тазартқыш ұнтақтар, абразивті губкалар және микроталшықты материалдар) пайдаланбаңыз.
• Тазартқыш құралды өндірушінің нұсқауларын қатаң ұстаныңыз.
• Тазалау белгілі бір тазарту объектісіне арналған құралдың көзделген мөлшерлемесін және әсер ету ұзақтығын ескере отырып жүргізілуі тиіс.
• Үнемі тазалап тұру жуылуы қиын әктас қағының пайда болуына жол бермеуге көмектеседі.
• Егер сіз аэрозоль қолданатын болсаңыз, алдымен өнімді шүберекке немесе губкаға бүркіп көріңіз. Өнімді Hansgrohe бұйымдарына тікелей бүркімеңіз, өйткені тесіктерін немесе саңылауларын бітеп тастауы мүмкін.
• Тазалағаннан кейін бұйымды сумен жақсылап шайыңыз, тазартқыш құрал мен өнімнің қалдықтарын әбден кетіріңіз. • Бумен тазартқыштарды қолданбаңыз. Жоғары температура бұйымды бүлдіруі мүмкін


Маңызды нұсқаулар:

Сұйық сабын, сусабындар, душқа арналған гельдер, шаш бояуы, әтірлер, қырынуға арналған құралдар және лак сияқты дене күтімі өнімдерінің қалдықтары да бұйымға зиянын тигізуі мүмкін. Бұл жағдайда да: пайдаланғаннан кейін қалдықтарды сумен жақсылап шайыңыз. Бұйымдардың, мысалы, қол жуғыштың астындағы шкафта тазартқыш құралдар мен химиялық заттарды сақтауға болмайды. Олар буланғанда бұйымды бүлдіруі мүмкін. Егер бұйымның беті бұрыннан бүлінген болса, жуғыш заттардың әсерінен ақаулары күшейе түседі"

Пайдалы сілтемелер:

Нansgrohe өнімдерінің сервисі мен монтажы бойынша бейне шолулар ұсынамыз
Жаныңыздағы сауда нүктелерін табу
Біздің серікктестер
«Acapell» салоны, Муканов көшесі 159
Тел.: +7 701 766 1754

"Bath & Tile" Тимирязев көшесі 82
Тел.: +7 (727) 275 50 36

Zentrum Жібек жолы көшесі 135,
Жібек Жолы көшесі 2 қабат литер В 6аZ
+7 (701) 787 63 01

Саламат сауда үйі
Шевченко көшесі 204, No 1 павильон No 16
Тел.: +7 727 395 59 29

Сантехника салоны, Сәтпаев көшесі 2
Тел.: +7 (727) 248 01 16

Sumom.kz, Мақатаев көшесі 158
Тел.: +7 (777) 591 55 75

Саламат сауда үйі
Шевченко көшесі 204, No 4 павильон
Тел.: +7 707 415 1239

«Sanelite» Сантехника салоны
ТЦ "Саламат - 3", Нижний торговый зал, Бутик 58
Тел.: +7 (777) 361 02 00

"Tasti" Сантехника салоны
Қабдолов көшесі 1/8, Армада СК ряд 1, линия А, бутик 02
Тел.: +7 (775) 885 68 54

SANSTORE
Калкаман-2, Талжанов көшесі,54
Тел.: +7 (700) 339 30 93

NEOceramica
Цветочная көшесі, 1е
Тел.: +7 (700) 380-96-95

Мастерская Уюта
Навои көшесі, 328а
Тел.: +7 (707) 573 30 40


"Bath & Tile" Дауылпаз көшесі, 11
Тел.: +7 (7172) 76 97 61

Frank.elite, 38 көшесі, 11, Capital Park Flowers, 4 кеңсе
Тел.: +7 (705 )880 68 68

Sumom.kz Мәңгілік Ел даң., 53, ЖК Promenade Expo ТҮК ғимараттың бүйір жағы
Тел.: +7 (777) 591 55 75

Aquaroom.kz Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 47
Тел.: +7(775) 198 66 11

Megastroy, Сембинов көшесі, 19/1
Тел.: +7 (7172) 52 16 16

Мастерская Уюта, Мәңгілік Ел даңғылы, 52 блок B2
Тел.: +7 (776) 911-01-11

Nurai Invest, Ч. Айтматова көшесі 33
Тел.: +7 (777) 563 22 33

NEOceramica, Әл-Фараби даңғылы, 96 (Ескі мекенжай Байырқұм, 14)
Тел.: +7 (775) 080-98-

SANSTORE, Александр Пушкин көшесі , 55/3102 офис; 1 қабат
Тел.: +7 (701) 982 39 83

КОМФОРТ, Сауран көшесі, 8
Тел.: + 7(702) 000 05 05
"МЕГА арт" дүкен
Жібек Жолы көшесі нөмірсіз (Рем. зона аялдамасы)
Тел.: +7 777 017 0117

Мастер Лес
Тостой көшесі 35
Тел.: +7 (705) 888 24 90
Sumom.kz, Язев көшесі 14/1, Проспект СОО (астыңғы қабат)
Тел.: +7 (777) 591 55 75


«Kerama Center Luxury» Орбита-1 шағын ауданы, 17/2 учаскесі
Тел.: +7(702) 270 51 15 +7(707) 305 06 26

"Дом Кафеля" салоны
Потанин көшесі 25/3
Тел.: +7 (7232) 54 13 61
Керамир,
Султан Бейбарыс көшесі, 496
Тел.: +7 (777) 437 77 13