RainDrain: жуынатын бөлмеге арналған бірыңғай стиль

hansgrohe жаңа өнімдері
Душты еденмен теңестіруді армандап жүрсіз бе және бәрі үйлесімді болатын заманауи ванна бөлмесін жасау үшін соңғы сәндік қолтаңбаны іздеп жүрсіз бе? RainDrain душ ағызғышымен бүкіл ванна бөлмесі бір стильде көрінетін болады. Сіз науаның түсін, бетін және дизайнын душтың түсіне және ванна бөлмесінің өзіңіз қалаған стиліне сәйкестендіре аласыз және оларды душ жүйесімен, араластырғыштармен және XtraStoris сияқты басқа да hansgrohe өнімдерімен үйлестіре аласыз.

Кез келген душқа және кез келген талғамға арналған RainDrain

RainDrain кез-келген ванна бөлмесіне оңай орнатылады. Барлық душ траптары үшін бірыңғай орнату жиынтығы ұсынылады. Үш траптың бірін немесе нүктелік ағызғышты таңдаңыз:

•RainDrain Match: әмбебап душ трапы. Су панель астындағы тот баспайтын болаттан жасалған көлбеу науамен канализация жүйесіне ағып кетеді.
•RainDrain Rock: қалыңдығы максимум 40 мм табиғи таспен/тақтатаспен қаптауға арналған.
•RainDrain Flex: сәндік панельде кіріктірілген көлбеу шешім, жеті әрлеу нұсқасында қолдануға болады.
•RainDrain Spot: кез келген жерде орналастыруға болатын нүктелік ағызғыш.

RainDrain Match: толығымен кірістірілетін душ трапы

RainDrain Match – өлшемі мен дизайнына қарамастан кез келген душ аймағына сәйкес келеді.

•Ұзындықтың алты нұсқасы ұсынылады: 60 см бастап 120 см дейін.
•Сіз алты бетінің бірін таңдай аласыз немесе панельді өз тақтатасыңызбен қаптай аласыз.
•Траптың орнын таңдау еркіндігі: қабырғаға немесе душ бөлмесінің кез келген басқа жеріне.
•Опциялық Dryphon шешімін ұсынатын 60 л/мин дейін өткізу қабілетіне ие ағызудың қуатты технологиясы.
•Әдепкі орнатылған тығыздағыш мата душтың бітеулігіне кепілдік береді.

RainDrain Rock: табиғи тастан жасалған душ трапы

Интерьерде табиғи тастар болғанын ұнатасыз ба? RainDrain Rock моделі сіз үшін жаралғандай. Траптың сәндік панелін қаптау үшін табиғи тастан немесе қолайлы тақтатастан жасалған жабынды таңдауға болады. RainDrain Match сияқты, RainDrain Rock алты өлшемде қолжетімді, оның үстіне панельді әр жағынан 50 мм-ге қысқартуға болады.

RainDrain Flex – мүмкіндіктердің мол таңдауы

RainDrain Flex ағызу жүйесі сізге барынша еркіндік бере отырып, ең жоғары талаптарға сәйкес келеді.

  • Таңдауыңызға ұзындығы 70 см бастап 120 см дейінгі бес нұсқа ұсынылады, ал панельдің өзін монтаждау кезінде қысқартуға болады.
  • Сәндік жолақтың жеті беті бар: тегістелген тот баспайтын болат, хром және бес эксклюзивті FinishPlus беті – hansgrohe душ жүйелерімен барынша үйлестіруге арналған.
  • Орнату орнын еркін таңдау мүмкіндігі: сіз RainDrain Flex жүйесін қабырғаға немесе душтың кез келген басқа жеріне орналастыра аласыз.
  • Кедергі келтірмейді: RainDrain Flex бұйымдары, еш қисаймастан немесе шығып кетпестен, еденмен мінсіз теңеседі. Еденмен бір деңгейдегі душ бөлмесінде қозғалыс еркіндігі де оңтайлы бола түспек.
  • Кіріктірілген көлбеулік: душтан төгілетін су сәндік жолаққа салынған ылдилатқыш бойымен ағызғышқа қарай ағып кетеді.
  • Опциялық Dryphon шешімін ұсынатын 60 л/мин дейін өткізу қабілетіне ие ағызудың қуатты технологиясы.
  • Әдепкі орнатылған тығыздағыш мата душ жүйесінің бітеулігіне кепілдік береді.
Сервис
Орнату, баптау, жөндеу және кепілді қызмет көрсетуге байланысты барлық мәселелер бойынша сервис орталықтарына жүгініңіз:

Алматы қ.
тел.: +77766223737, +77023223737,
e-mail: info@anp.kz

Астана және Қарағанды қалалары
тел.: +7 701 066 6001, e-mail: molot-pro@bk.ru

Күтіп ұстау жөніндегі ұсынбалар

Заманауи сантехникалық жабдықтар, асүй крандары, душтар, керек-жарақтар, қол жуғыштар, раковиналар, ванналар және радиаторлар дизайн мен функционалары тұрғысынан нарық қажеттіліктерін қанағаттандыратын түрлі материалдардан жасалған. Бүлдіріп алмау және шағымданудың алдын алу үшін пайдалану кезінде де, соңынан тазалау кезінде де белгілі бір өлшемшарттарды сақтау қажет.

Hansgrohe бұйымдарын тазалау кезінде оларды бүлдіріп алмау үшін келесі бірқатар ережелерге құлақ асыңыз:


• Тек белгілі бір пайдалану саласына арналған арнайы құралдарды қолданыңыз.
• Құрамында тұз қышқылы, құмырсқа қышқылы, натронды сілті, сірке қышқылы және жебір хлор қосылған ағартқыш сілтісі бар тазартқыш заттарды қолданбаңыз, себебі олар көптеген ақауларға себеп болуы мүмкін.
• Фосфор қышқылы бар құралдарға ғана рұқсат етілуі мүмкін.
• Жуғыш заттарды бір-бірімен араластыруға болмайды.
• Абразивті тазартқыш құралдарды (тазартқыш ұнтақтар, абразивті губкалар және микроталшықты материалдар) пайдаланбаңыз.
• Тазартқыш құралды өндірушінің нұсқауларын қатаң ұстаныңыз.
• Тазалау белгілі бір тазарту объектісіне арналған құралдың көзделген мөлшерлемесін және әсер ету ұзақтығын ескере отырып жүргізілуі тиіс.
• Үнемі тазалап тұру жуылуы қиын әктас қағының пайда болуына жол бермеуге көмектеседі.
• Егер сіз аэрозоль қолданатын болсаңыз, алдымен өнімді шүберекке немесе губкаға бүркіп көріңіз. Өнімді Hansgrohe бұйымдарына тікелей бүркімеңіз, өйткені тесіктерін немесе саңылауларын бітеп тастауы мүмкін.
• Тазалағаннан кейін бұйымды сумен жақсылап шайыңыз, тазартқыш құрал мен өнімнің қалдықтарын әбден кетіріңіз. • Бумен тазартқыштарды қолданбаңыз. Жоғары температура бұйымды бүлдіруі мүмкін


Маңызды нұсқаулар:

Сұйық сабын, сусабындар, душқа арналған гельдер, шаш бояуы, әтірлер, қырынуға арналған құралдар және лак сияқты дене күтімі өнімдерінің қалдықтары да бұйымға зиянын тигізуі мүмкін. Бұл жағдайда да: пайдаланғаннан кейін қалдықтарды сумен жақсылап шайыңыз. Бұйымдардың, мысалы, қол жуғыштың астындағы шкафта тазартқыш құралдар мен химиялық заттарды сақтауға болмайды. Олар буланғанда бұйымды бүлдіруі мүмкін. Егер бұйымның беті бұрыннан бүлінген болса, жуғыш заттардың әсерінен ақаулары күшейе түседі"

Пайдалы сілтемелер:

Нansgrohe өнімдерінің сервисі мен монтажы бойынша бейне шолулар ұсынамыз
Жаныңыздағы сауда нүктелерін табу
Біздің серікктестер
«Acapell» салоны, Муканов көшесі 159
Тел.: +7 701 766 1754

"Bath & Tile" Тимирязев көшесі 82
Тел.: +7 (727) 275 50 36

Zentrum Жібек жолы көшесі 135,
Жібек Жолы көшесі 2 қабат литер В 6аZ
+7 (701) 787 63 01

Саламат сауда үйі
Шевченко көшесі 204, No 1 павильон No 16
Тел.: +7 727 395 59 29

Сантехника салоны, Сәтпаев көшесі 2
Тел.: +7 (727) 248 01 16

Sumom.kz, Мақатаев көшесі 158
Тел.: +7 (777) 591 55 75

Саламат сауда үйі
Шевченко көшесі 204, No 4 павильон
Тел.: +7 707 415 1239

«Sanelite» Сантехника салоны
ТЦ "Саламат - 3", Нижний торговый зал, Бутик 58
Тел.: +7 (777) 361 02 00

"Tasti" Сантехника салоны
Қабдолов көшесі 1/8, Армада СК ряд 1, линия А, бутик 02
Тел.: +7 (775) 885 68 54

SANSTORE
Калкаман-2, Талжанов көшесі,54
Тел.: +7 (700) 339 30 93

NEOceramica
Цветочная көшесі, 1е
Тел.: +7 (700) 380-96-95

Мастерская Уюта
Навои көшесі, 328а
Тел.: +7 (707) 573 30 40


"Bath & Tile" Дауылпаз көшесі, 11
Тел.: +7 (7172) 76 97 61

Frank.elite, 38 көшесі, 11, Capital Park Flowers, 4 кеңсе
Тел.: +7 (705 )880 68 68

Sumom.kz Мәңгілік Ел даң., 53, ЖК Promenade Expo ТҮК ғимараттың бүйір жағы
Тел.: +7 (777) 591 55 75

Aquaroom.kz Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 47
Тел.: +7 (700) 305 05 03

Megastroy, Сембинов көшесі, 19/1
Тел.: +7 (7172) 52 16 16

Мастерская Уюта, Мәңгілік Ел даңғылы, 52 блок B2
Тел.: +7 (776) 911-01-11

Nurai Invest, Ч. Айтматова көшесі 33
Тел.: +7 (777) 563 22 33

NEOceramica, Әл-Фараби даңғылы, 96 (Ескі мекенжай Байырқұм, 14)
Тел.: +7 (775) 080-98-

SANSTORE, Александр Пушкин көшесі , 55/3102 офис; 1 қабат
Тел.: +7 (701) 982 39 83

КОМФОРТ, Сауран көшесі, 8
Тел.: + 7(702) 000 05 05
"МЕГА арт" дүкен
Жібек Жолы көшесі нөмірсіз (Рем. зона аялдамасы)
Тел.: +7 777 017 0117

Мастер Лес
Тостой көшесі 35
Тел.: +7 (705) 888 24 90
Sumom.kz, Язев көшесі 14/1, Проспект СОО (астыңғы қабат)
Тел.: +7 (777) 591 55 75


«Kerama Center Luxury» Орбита-1 шағын ауданы, 17/2 учаскесі
Тел.: +7(702) 270 51 15 +7(707) 305 06 26

"Дом Кафеля" салоны
Потанин көшесі 25/3
Тел.: +7 (7232) 54 13 61
BonTon,
Орманшы көш. 1/1
Тел.: +7 (700) 911 88 88, +7 (708) 434 24 47
Nurai Invest
Некрасов көш., 125
Тел.: +7 (7132) 90‒93‒55