Hansgrohe туралы
Бренд өнімдерінің өндірушісі
1901 жылдың маусым айында Ханс Гроэ өзінің темірұсталық-штамптау шеберханасын Шильтах неміс қалашығында ашқан кезде үш қызметкерден тұратын кәсіпорын жуынатын бөлмеге арналған бұйымдарды жасап шығаратын үлкен әлемдік көшбасшы кәсіпорындардың біріне айналатынын ешкім де болжамаған шығар. Бүгінгі күні, 120 жыл өткен соң, Hansgrohe SE компаниясы сантехника саласындағы ең табысты кәсіпорындардың бірі болып есептеледі.
Hansgrohe бренді – бұл инновациялық шешім, жуынатын бөлме мен ас үйге арналған функционалдық дизайн және үздік сападағы бұйымдар. Сіз үлкен сенімділікпен тексерістен өткен бренд сапасына сенім артуыңызға болады.
Неге hansgrohe? Біз әрдайым новаторлық рух пен неміс инженерлік өнерін біріктіріп отырамыз. 1928 жылы қол душын жасап шығарған компания негізін қалаушы Ханс Гроэ сол уақытта үйреншікті үстіңгі душтарға ыңғайлы балама ұсынды. Ал 1953 жылы ол Unica душ штангасын жасап шығарды, бұл душ штангасы қол душын кез келген биіктікте бекітуге мүмкіндік береді. Бүгінде бұл өнертабыстар бүкіл әлемдегі жуынатын бөлмелердің стандартына айналды, ал ол кезде бұлар адамның душ қабылдау әдеттерін өзгерткен сантехника саласындағы тапқыр идеялар болатын. Компания қоржынында келесі инновациялық шешімдер бар:
Мәрмәр тұтқалы алғашқы қол душы (1928)
- Жуынатын бөлмеге арналған автоматты ағызу / асыру жүйесі (1934)
- Unica душ штангасы(1953)
- Ағынын реттеуге болатын Selecta қол душы (1968)
- Sixty және Tri-Bel түрлі түсті душтары (1970)
- Суды үнемдейтін MistralEco қол душы (1987)
- iBoxUniversal жасырын бөлігі (2000)
- Raindance жаңбырлы душы (2003)
- EcoSmart технологиялы экологиялық араластырғыштар мен душтар (2007)
- ComfortZone бар араластырғыштар және Select технологиясы (2011)
- PowderRain инновациялық ағыны (2018)
- RainTunes (2019)
және тағы басқалары...
Hansgrohe өнімдерін таңдай отырып, Сіз келесі артықшылықтарға ие боласыз:
Бірінші топтағы сапалы өнім
- Үздік дизайн
- Экологиялық өндіріс
- Күшті және жылдам техникалық сервис
«Хансгрое СЕ» Қазақстан Республикасындағы өкілдігі